АвтоВАЗ-дың президенті Борис Алешин компания басшысының лауазымын босатуға ұйғарды

САМАРА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - АвтоВАЗ-дың президенті Борис Алешин басқа жұмысқа ауысуына байланысты компания басшысының лауазымын босатпақ. Бұл жөнінде ол компанияның кеңейтілген отырысында мәлім етті,

АвтоВАЗ-дың президенті Борис Алешин компания басшысының лауазымын босатуға ұйғарды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Алешиннің атқарып отырған лауазымдық қызметін босату ниеті туралы  АвтоВАЗ директорлар кеңесінің таяу уақытта өтетін отырысында қаралатын болады. Солай болғанымен, Алешин АвтоВАЗ директорлар кеңесінің мүшесі болып қала отырып, автозауыттың қызметіне қатысуын жалғастырмақшы.

Бұдан бұрын АВТОВАЗ және КамАЗ  «Автоинвест-холдингі» базасында «Ресейтехнология» мемлекеттік корпорациясы құрылатыны белгілі болды. Жаңа холдинг ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын болады.