АвтоВАЗ «Ладаның» жаңа атауын жария етті
АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат - Lada 2190 low-cost моделі Granta деп аталатын болады. Бұл атау АвтоВАЗ жария еткен арнайы байқауға келген 169 атаудың ішінен таңдалып алынды, деп хабарлайды Rambler.
«Lada" халықтық машинасына - халықтық атау» байқауының жеңімпазы Краснояр тұрғыны Павел Захаров болды. Сыйлық ретінде ол Мәскеу автосалоны-2010-нан бүгін шыққан АвтоВАЗдың 26-шы миллионыншы көлігі - ақ түсті Lada Kalina седанға ие болады. Байқаудың арқасында жаңа атауға ие болған Lada Granta автокөлігі 2011 жылдың соңына қарай Kalina платформасында шығарылып, Lada 2105/2107 классикалық модельдерін ауыстырмақ.