11:47, 13 Наурыз 2024 | GMT +5
Автожолдардағы жағдай: Тұман, бұрқасын, көктайғақ
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі ауа райына байланысты еліміздің автожолдарындағы жағдай туралы мәлімет таратты.

«Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қызылорда облыстарында қалың тұман түседі. Көрініс шектелуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Түркістан және Алматы облыстарында қар мен жаңбыр жауып, көк тайғақ пайда болу қаупі бар. Ақмола облысында жаяу бұрқасын мен тұман болады деп болжанған» - делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 13 наурыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жазған болатынбыз.