Автожолдардың сапасын арттыруға қатысты Үкіметтен нақты ұсыныстар түскен жоқ - М. Қазбекова

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Автожолдардың сапасын арттыруға қатысты Үкіметтен нақты ұсыныстар түскен жоқ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жол қозғалыстары мәселесіне арналған заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында депутат Меруерт Қазбекова мәлім етті.
None
None

Депутаттың пікірінше, еліміздегі соңғы уақытта көрсеткіші артып отырған жол-көлік оқиғасының басты себебі - жол сапасына қатысты болып отыр. «Осыған орай, ел Президенті Ақордадағы кеңейтілген отырыста Үкіметті, оның ішінде Көлік және коммуникация министрлігін жол сапасына, Қазақстандағы жол құрылысына сапалы заманауи технологияларды ендірмеуге қатысты сынға алған болатын. Содан бері айға жуық уақыт өтті, алайда біз осы салаға қатысты Үкіметтен тиісті қорытындыларды, нақты ұсыныстарды әлі көрген емеспіз. Соған орай, жол сапасының жақсару перспективалары да жоқ деген сөз. Ал бұлай кете берсе, бұның бәрі ақыр аяғында жолдағы қауіпсіздікке де, апаттылыққа да өз кесірін тигізе берері анық», - деді депутат М.Қазбекова.

Соңғы жаңалықтар