AWARD.kz 2010 ұлттық интернет жүлдесіне өтініштер қабылдау басталды
Бұл бүгін Алматыда AWARD.kz 2010 ұлттық интернет жүлдесіне өтініштер қабылдаудың басталғанына орай өткізілген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Біз бұл сыйлықты қолдаймыз. AWARD.kz Қазнеттегі өте жарқын бет және оқиға. Биыл біздің алдымызға Қазақстаның интернет саласының бұдан ары қарқынды дамуы үшін жағдай жасау міндеті қойылды", дейді "Зерде" ұлттық ақпараттық- коммуникациялық холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасы Әділбек Сәрсенов.
AWARD.kz 2010 ұлттық интернет жүлдесі байқауын ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы Александр Ляховтың айтуынша, биыл үміткерлердің талап-тілектері бойынша 3 адамнан тұратын іріктеу комиссиясы құрылып отыр. Үздік жобалар байқауы бірнеше кезеңге созылып, жеңімпаздар қарашаның 17-сінде марапатталмақ. Биыл 8-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл шара Қазнеттегі көркемдік, технологиялық және әлеуметтік-мәдени жағынан үздік веб-ресурстарды анықтау арқылы қазақ ғаламторының сапасын арттыруға және қолданушыларды көбейтуге зор үлес қосуда. Он аталым және 7 арнайы аталым бойынша өтетін бұл байқауға былтыр 955 өтішін түсіп, оның 855-і додаға қатысуға жолдама алған болатын. Онда 3D, яғни үш қалыпты кеңістікті пайдаланып құрылған www.vrt.kz сайты үздік шықты. Ресурсты құрушылар "Жеке сайттар, танысу және сұхбат", "2009 жылдың үздік сайты" және "AWARD.kz 2009 үздік саты" аталымдарында бірінші орынды жеңіп алды.