Ай сайын әлемде екі тіл жоғалады

НЬЮ-ЙОРК-ПАРИЖ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Ана тілінің халықаралық күні қарсаңында жоғалудың алдында тұрған тілдер атласының жаңартылған нұсқасын дайындады,

Ай  сайын  әлемде екі  тіл   жоғалады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. ЮНЕСКО-ның баспасөз баянында атап көрсетілгендей, бұл санатқа әлемдегі қолданыстағы 6000 тілдің 2500-ден астамы жатады екен. Ай сайын әлемде 2 тіл жоғалады. Австралиялық профессор Кристофер Мосселей бастаған бір топ лингвистер бұл атласты Норвегияның демеушілігінің арқасында әзірлеп отыр. Ана тілінің халықаралық күні 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас Конференциясының 30-шы сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіліп келеді.