Аягөз қаласынан келген 29 теміржолшы Мәжіліс үйінде болды

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласынан келген теміржолшыларды Мәжіліс үйінде қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қыркүйектің 20-сы күні депутаттың арнайы шақыруымен Шығыс Қазақстан облысынан келген еңбек ардагерлері Елорданың көрікті жерлерін аралап көрді. Атап айтқанда, шығысқазақстандық қонақтар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында, Бейбітшілік және келісім сарайында, «Нұр Астана» мешітінде, «Атамекен» Қазақстан картасы этномәдени орталығында және Думан ойын-сауық орталығында болып, үлкен әсер алғандарын баяндап берді.

Астанаға келгендердің арасында темір жол саласында 30-40 жылдай еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққандары да бар. Соның ішінде зейнеткерлер Қаһарман Садықов, Мақсұт Тәпенов, Халида Тұрарбекова, Дәметкен Құжаханова елімізге еселі еңбек сіңірген жандар.

Кездесуде Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Парламенттің құрылымы, Мәжілістің заң шығару тәжірибесі жайлы айтып берді. Елбасының парламентшілердің алдына қойған міндеттері жайлы тоқталып өтті.

Кездесуде Фарзангүл Әмірханова мен Нұрбану Асубаева «Нұр Отан» партиясынан сайланған халық қалаулысына ризашылықтарын айта келіп, туған жерінің тілегін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар