Аягөзде жаңа саябақ салынады

АЯГӨЗ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында Қазақ хандығының 555 жылдығы аясында саябақ салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аягөзде жаңа саябақ салынады

Биыл айтулы датаға орай ауданда Шақантай батырға, Жобалай және Байқотан билерге ескерткіш орнатылмақ. Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында саябақ ашу жоспарланып отыр.

«Аудандық орталықтандырылған және барлық ауылдық округтердегі кітапханаларда Қазақ хандығына арналған іс-шаралар легі бекітілді. Мамыр айында Тарлаулы ауылында «Қазақ хандығының тарихы» атты дөңгелек үстел өтеді», - дейді Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Болат Сүлейменов.

Оның айтуынша, әл-Фарабидің 1150 жылдығы да қалыс қалмайды. Аталмыш мерейтой аясында 30-дан астам шара өткізу көзделген.