07:29, 20 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Аягөзде жарық толық қалпына келтірілді
АСТАНА. KAZINFORM — Аягөз ауданындағы электр энергиясын қалпына келтіру жұмысы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігі.
Қалпына келтіру жұмысына барлығы 40-қа жуық маман, сондай-ақ қажетті техника жұмылдырылды.
— Қазіргі уақытта барлық ауылдық округтер мен Аягөз қаласы электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін 16 қазан күні сағат 15:00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде апат болды.
Кеше кешке қалпына келтіру жұмыстарына қарамастан Абай облысындағы Аягөз қаласы мен Мамырсу ауылы әлі жарықсыз отырғаны хабарланды.