Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура

Әсека
Фото: Kazinform

Аягөзде өртенген үйден 4 баланың денесі табылу оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Абай облысында 4 баланың өлімі бойынша әкімдік кеше таңертең болған жағдайды жасыруға тырысқан екен. Яғни, нақты ақпарат таратпай отыр. Осыған қатысты тергеу амалдары атқарыла ма?», - деп сұрады тілшілер Сенаттың жалпы отырысынан кейін Бас прокурордың орынбасарынан.

Өз кезегінде Ә.Шындалиев қазір тергеу амалдары басталғанын айтты.

«Жалпы, өрттің не себепті болғаны тергеу кезінде анықталады. Қазір бұл оқиғаның қалай болғанын айта алмаймын», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Аягөзде өртенген үйден 4 баланың денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар