Аягөздегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесіне апаратын жолдағы көпір қирап тұр

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесі Абай облысындағы Аягөз ауданында орналасқан. Кесенеге апарар жолдағы көпір көктемнен бері қирап тұр.

ШҚО-дағы қираған көпір
Фото: abainews.kz

Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округіндегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесіне апаратын жолда орналасқан көпір 2014 жылы салынған. Мердігер - «АРДС» ЖШС. Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде көпір қирап қалды.

ШҚО-дағы қираған көпір
Фото: abainews.kz

«Қазіргі таңда көпірге техникалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Жөндеуді қолға алу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Көпірді қалпына келтіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіледі», - деп хабарлады Аягөз аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінен.

Көпірді бөлшектеу жұмыстары жергілікті атқарушы орган күштерімен іске асырылмақ.

ШҚО-дағы қираған көпір
Фото: abainews.kz

Айта кетейік, Қозы көрпеш-Баян сұлу кесенесі – 10-11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Кесене туралы алғаш рет академик И.П. Фальк 1771 жылы жазған.

Еске салсақ, осыған дейін «Семей орманындағы» алапат өрттен қаза болған өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылғанын хабарлаған едік.

ШҚО-дағы қираған көпір
Фото: abainews.kz