Аягөздегі әскерлеріміз Елбасы тапсырмасын орындауға сақадай сай

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Өскемен қаласында жұмысын жалғастыруда. Кеше Аягөз гарнизонындағы танкішілер, артиллеристер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімдері, жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты» атты Жолдауында көрсетілген басымдықтарды іске асыру жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
None
None

Топ басшысы Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов Аягөз гарнизонында орналасқан танк бригадасының базасында гарнизон әскери бөлімдері командирлерінің жергілікті жердегі жағдай туралы баяндамаларын тыңдады. Ақпараттық насихаттау тобының басшысы әскери бөлімдердің қысқы жылыту кезеңіне дайындығына, жеке құрамды қыстық киім-кешекпен толық қамтамасыз ету, әскери тәртіп мәселелеріне кеңінен тоқталды. Аягөз әскери гарнизонының бөлім командирлері қысқа дайындық және әскери тәртіп мәселесі бойынша нақты баяндады.

Мерзімді қызмет әскери қызметшілер арасында келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдануға тілек білдірушілердің ұлғайып келе жатқандығы, командирлердің жеке құраммен жүргізген жұмысына оң баға бола алады. Аягөздік әскерилер еліміздің қорғанысы мен әскери қауіпсіздігіне қосып келе жатқан үлестерін үлкен мақтанышпен айтады.

Сонымен қатар полковник Мұхамеджан Таласов әскери бөлім командирлерімен болған жиналыс барысында әскери-патриоттық тәрбие мен Қарулы Күштер мен әскери қызметтің беделін арттыру үшін мектептерде әскери қызметке шақыру жасына дейінгі жастармен жұмыс жүргізудің маңыздылығын айрықша атап өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар