Аяғы ауыр әйелдердің ішін ұстауға тыйым салынды
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Пенсильвания штатында бейтаныс адамдарға жүкті әйелдердің ішінен ұстауға тыйым салатын заң қабылданды. Жаңа заңның қабылдануына Ричард Бейшлан есімді қарапайым тұрғын себепші болды.
Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, 57 жастағы Ричард өзінің екіқабат көршісін көріп, оның ішінен сипаған. Әйел мұны арсыздық санап, полицияға шағымданады. Тәртіп сақшылары бейәдеп әрекеті үшін Бейшланды қамауға алды. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жайт елдің құқықтың тәжірибесінде алғаш рет тіркеліп отыр. Осыдан кейін штатта бөгде адамдарға жүкті әйелдердің қарнынан ұстауға тыйым салатын жаңа заң қабылданды. Бұл заңға аяғы ауыр әйелдерді емдейтін дәрігерлер ғана бағынбауы мүмкін, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.