Аяғы ауыр, қасында үш бала бар әйелді машина қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл автомобиль қағып кеткен аяғы ауыр әйел және үш бала Мәскеудегі ауруханалардың біріне жеткізілді.
Астаналық ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің ТАСС -қа хабарлауынша, төтенше жағдай Мәскеудің оңтүстік-батысында болған. Әйел мен балалар жолдың тыйым салынған бөлігінен өтіп бара жатқан.
Полицейлер оқиға орнын тексеруде, машина жүргізушісі медициналық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.