Аяқ астынан шыға келген аю студенттер кешіне қатысушылардың зәресін алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аю АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Лихай Университеті кампусы маңында болған студенттер кешінің шырқын бұзды.
Бұл туралы Associated Press жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлайды. Салмағы 150 келі тартатын қара аю Филадельфиядан солтүстікке қарай 50 мильдей жерде орналасқан кампустың маңында жергілікті уақыт бойынша шамамен 02:00- де пайда болған.Шериф Марк ДиЛуционың айтуынша, аюдың аяқ астынан шыға келуі студенттер арасында дүрбелең туғызған. 911-ге сансыз қоңырау соғылған.
ДиЛуционың сөзіне қарағанда, бұл аю бір күн бұрын университет аренасында байқалған. Бірақ онда тағы аң батпақты жерге жасырынып үлгерген.
Кейінірек университет сайтында аюды транквилизатордың көмегімен ұйықтатудың сәті түсті, деген хабарлама пайда болды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, жыртқыш бақылауға алынған. Қазіргі уақытта оны қалай босатудың амалдары қарастырылып жатыр.