Аяқ киім щеткасына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - АК-159/25 түзеу мекемесінің қызметкерлері түрме аумағына тыйым салынған заттарды өткізу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аяқ киім щеткасына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған

56 жастағы сотталғанның сәлемдемесінде азық-түлік пен бірінші қажетті заттардан басқа екі аяқ киім шөткесі де болған.

Визуалды тексеру кезінде қандай да бір күдік тумаған. Бірақ рентгенді телевизиялық құрылғы бөгде заттардың бар екенін анықтаған.

Ағаш аяқ киім шөткесін ашу кезінде кесілген жарықтардан «INOI» маркалы екі ұялы телефон мен 4 SIM карта табылған.

Сотталғанның 18 жасар туысы сәлемдемені әкелгенін, бірақ онда тыйым салынған заттардың болғанын білмегенін айтқан.

Сәлемдемені сотталғанның ересек туыстары дайындаған, оған тек апарып беруді өтінген.

Аталған факті бойынша 18 жасар Қарағанды облысының тұрғынына қатысты әкімшілік материал ресімделді және Жезқазған қалалық әкімшілік сотына жолданды.