Аяқ киімін жоғалтып алғаны үшін әкесі баласын ұрып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның оңтүстік-шығысындағы Кэтформ қаласында аяқ киімін жоғалтып алғаны үшін әкесі баласын ұрып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Лайф-ру»-ға сілтеме жасап.
None
None

Бес жасар Алекс Малькольм бәтеңкесін ойын алаңында жоғалтып алған. Ашуланған әкесі оны соққының астына алып жатқанда балдырған әкесінен қайта-қайта кешірім сұраған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, біраздан кейін қатты дауыс естіліп, бала есінен танып қалған. 39 жастағы Марвин Айхинечо әйелі Лилия Брехаға қоңырау шалып, оның ұйықтап қалғандығын айтқан.

Одан кейін ес-түзсіз баласын таксиге отырғызып, бес минуттық жердегі ауруханаға емес, анасына алып барады. Балдырғанның құлап, басын ұрып алғандығын айтады. Лилия ауруханаға қоңырау шалмақ болғанда, Марвин оған да тап береді. Бұл уақытта ер баланың денесі суып, беті көгеріп кетеді. Дәрігерлер оған көмек көрсете алмады.

Мәйіттік сараптама оның басындағы ісік пен мойны мен бүкіл денесіндегі жарақаттар құлау салдарынан болуы мүмкін еместігін көрсетті. Бірақ бұған дейін де істі болған әкесі, өзінің кінәсін мойындамады. 

Соңғы жаңалықтар