«Аякс» футболшысы ойын кезінде есінен танып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Амстердамдық «Аякс» клубының жартылай қорғаушысы Абделхак Нури «Вердером» (Бремен) командасына қарсы ойын кезінде есінен танып құлады, деп хабарлайды Lenta.ru.
None
None

Футболшының денсаулығы ойынның 72-ші минутында сыр беріп, құлап түсті. Оған бірден көмекке келген медициналық бригада, оны алаңнан тікұшақпен емханаға алып кетті.

Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағандығын, спортшының қалыпты жағдайға келгендігін айтуда.

Соңғы жаңалықтар