Аяқсыз қалған бүлдіршін қайта қадам баспақ

Жергілікті хирург Педро Кавадас көлік апаты салдарынан екі аяғынан бірдей айрылған баланың дене мүшелерін қайта бұрынғы қалпына келтіріп шықты деп хабарлайды BAQ.KZ .
Апаттың салдарынан бүлдіршін екі аяғынан да айрылған болатын. Әдетте мұндай сәттерде зақымданған мүшені кесіп алып тастайды дейді сала мамандары. Алайда, испандық дәрігер науқасқа ота жасауға бел буған. П.Кавадас өзінің бұл әрекетінің нәтижелі шығатынына сенімді болыпты. Өйткені ол өз тәжірибесінде дәл осыған ұқсас операцияны бұдан бұрын да жасаған.
Баланың аяқтарын қайта қалпына келтіру отасы тура 6,5 сағатқа созылыпты. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, науқас бір аптадан кейін-ақ төсектен тұрып, жүріп кетеді. Алайда, кейбір буындарды қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, оның бірі имплантантпен алмастырылған. Ал, баланың бір аяғы екіншісінен қысқа болып қалмау үшін сол имплантантты белгілі бір уақытта ауыстырып отыру қажет екен.