Аяқтары жансызданған саңырауқұлақ жиюшы үш шақырымдай жердегі ауылға еңбектеп барған
Өңірлік ІІМ басқармасынан жұма күні хабарлағандай, 1950 жылғы ер адамды іздеу туралы өтініш полицияның кезекші бөліміне 20 шілде күні кешкілік түскен. Зейнеткердің туыстары оның таңертең ертемен орманға саңырауқұлақ жинауға кетіп, содан қайтып оралмағандығын айтқан. Адасқан жанды іздеу үш тәулікке созылды.
Сәрсенбіде ауылдан бірнеше шақырым жерден полицейлер тастап кеткен велосипедті және саңырауқұлақ салынған кәрзеңкені тапты.
Сол маңайдан іздеушілер тобы жапырылған шөптегі ізді байқады. Ізді қуалай жүрген полицейлер елсіз ауылдағы үйлердің бірінен адасқан адамды тапты.
«Саңырауқұлақ жинап жүрген зейнеткердің аяқ астынан жағдайы нашарлап,аяқтары істемей қалған. Басына төнген қауіпті аңғарған ол үш шақырымдай жер еңбектеп, қаңырап қалған ауылдағы бір үйге паналаған»,- делінген хабарламада.
Иесіз үйде ол екі тәуліктей болған, жеміс-жидек жеп, жаңбырдың суын ішкен көрінеді.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта үйінде жатыр. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.