«АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматыдағы №10 мектеп-интернат оқушылары үшін Наурыз мейрамын ұйымдастырды

АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматыдағы №10 мектеп-интернатта Наурыз мейрамын өткізді.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматыдағы №10 мектеп-интернат оқушылары үшін Наурыз мейрамын ұйымдастырды

«АЯЛА» қайырымдылық қорының достар клуб мүшелері мен «KazComLife» өмірді сақтандыру компаниясының қызметкерлері интернат аймағында спорттық-ойын алаңын құрып, мерекелік шаралар өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Наурыз мейрамында сый-сыяпат жасау үрдіске айналған. Сол себепті, осы сый - балалар алаңы, интернат тәрбиеленушілерін ұзақ уақыт бойы қуанышқа бөлеп жүреді деген ойларын білдірді.

Меркелік шара барысында Клубтың басқа достары тарапынан ұйымдастырылған цирк қойылымдары және ұлттық тағам түрлері ұсынылған дәстүрлі дастарқан жайылады.

№10 мектеп-интернатта, 7-10 жас аралығында, жағдайы нашар отбасылардан келген 90 бала білім алып, осы жерде тұрып жатыр екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар үйіне қарағанда, интернаттар демеушілер мен меценаттардың көңілінен тыс қалып қоятын көрінеді.