«Аяла» қайырымдылық қоры емханаға жаңа жабдықтарды табыс етті

АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданындағы №7 емхананың физиотерапиялық бөлімі мен дене шынықтыру кабинетіне «Аяла» қайрымдылық қоры жаңа жабдықтар сыйлады.

 «Аяла» қайырымдылық қоры емханаға жаңа жабдықтарды табыс етті

Қордың вице-президенті Жангелді Сәрсеновтың айтуынша, оның ішінде ультрадыбыстық, ультракүлгін сәулелендіру жабдықтары, гальванизатор және басқа да зәру құралдар бар. Оның жалпы құны 1 942 280 теңгені құрайды.

«Аяла» қайрымдылық қоры біздің емханаға 3 жылдан бері көмектесіп келе жатыр. Үнемі нағыз ең қажетті заттарды жібереді. Бүгін біз емдеу дене шынықтыру кабинетінің жабдықталуын аяқтаған жабдықтар мен физиотерапияға қажет заманауи аппараттарды алдық. Олар физиотерапевтикалық қызмет жұмысын елеулі түрде жақсартуға жәрдемдеседі», - деді бас дәрігер Гүлжан Көжебекова. Оның айтуынша, емхана 2011-2012 жылдары емдеу-дене шыынықтыру сабақтары үшін көпсанды неше түрлі бұйымдар алған. Оңалту бөлімінің қызметкерлері заманауи медициналық жабдықтардың тиімділігін жоғары бағалап отыр.