«Аяла» қайырымдылық қоры мен Халық банкі «Алатау» балалар шипажайына ойын алаңдарын салып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда республикалық клиникалық «Алатау» балалар шипажайы аумағында балалардың ойын алдаңдарын ашу рәсімі болып өтті.
None
None

Халықаралық балалар күніне орай бүлдіршіндерге мұндай сыйлықты «Аяла» қайырымдылық қоры мен Қазақстанның Халық банкі тарту етті, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

«Аяла» қайырымдылық қоры, міне, бірнеше жылдан бері «Менің балалық шағымдағы аула» жобасын іске асырып келе жатыр. Осы жоба аясында мектеп-интернат, балалар ауруханалары, шипажайлар, перзентханалар және басқа медициналық мекемелердің аумақтарында балаларға арналған ойын алаңдары салынып жатыр. Осындай алаңдар Алматы, Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Теміртау, Петропавл, Атырау қалаларындағы білім беру және медицина мекемелерінде салынған. «Аяла» қоры барлығы 22 осындай ойын алаңдарын салып берген.

Республикалық балалар клиникалық «Алатау» шипажайы көпсалалы сауықтыру медициналық мекемесі болып табылады. Ол - Іле Алатауының етегіндегі Кішкентау баурайында орналасқан таулы-климаттық курорт. Жыл сайын осында 3-тен 14 жасқа дейінгі 1 600ға тарта бала Қазақстанның барлық түкпірінен келген келіп, ішек-қарын жолы, демалуы мен несеп-жыныстық жүйесінің аурулары және кардиоревматология аурулары бар, онкогемотологиялық пациенттер сауықтыру курсын алып жатады. Емдегі негізгі басымдылық климаттық терапияға беріледі (таза ауада серуендеу және дем алуға). Балалар үшін серуендеуді қызық әрі тартымды ету мақсатында шипажай аумағында замануаи, жоғары сапалы және қауіпсіз балалар алаңы салынды.

«Менің балалық шағымдағы аула» жобасының бұл кезеңінің демеушісі «Аяла» қорының» тұрақты серіктесі - Қазақстан Халық банкі шықты. Бұл жобадан басқа, Қазақстан Халық банкі «Тыныс ал, балақай», «Ұлт денсаулығы босану үйінен басталады», «Өмірге дем салайық» сияқты жобалар және тағы басқа да «Аяла» қорының медициналық және гуманитарлық жобаларын іске асыруға көмек көрсеткен болатын.

Бүгінгі күні «Алатау» шипажайында салтанатты ашылуы болған балалар алаңының құны 2 202 000 теңгені құрайды. Оның біреуі бүлдіршін балалар ойындарына, екіншісі - олардан үлкенірек балаларға арналған.

«Қазақстан Халық банкі мен «Аяла» қайырымдылық қорына біздің өтнішімізге қол ұшын бергені үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Біздің шипажайда Қазақстанның барлық түкпірінен келген балалар емделеді, енді, олардың демалулары бұрынғыдан да қызықты болатын болды», - деді «Алатау» шипажайының директоры Қаншайым Мұсаева.

Соңғы жаңалықтар