Аялдамаға көлікпен тоқтап, оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жасөспірім қызға әдепсіз қылық көрсеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 қыркүйек күні таңертең қоғамдық көлік аялдамасында болды.

Instagram желісінен мәлім болғанындай, аялдама маңына көлікпен келіп тоқтаған ер адам 15 жастағы жасөспірім қызға қатысты әдепсіз әрекет жасаған.

«БҚО полиция департаменті қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 1987 жылы туған ер адамды анықтады. Тәртіп бұзушының әрекеті бұзақылық ретінде сараланып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адамға келесі жазалардың бірі қолданылуы мүмкін - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл; сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту; алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту; екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу; екі жылға бас бостандығынан айыру.


Соңғы жаңалықтар