Аятолла Хомейнидің немересі инаугурацияға қатыспау үшін Ираннан кетті

ТЕГЕРАН. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - The Guardian-ның жазғанындай, ислам революциясының көсемі аятолла Хомейнидің немересі Махмуд Ахмадинежадтың президенттік инаугурациясына мәжбүрлі қатысудан бас тарту үшін Ираннан аты аталмаған көрші елге уақытша кеткен,

Аятолла Хомейнидің немересі инаугурацияға қатыспау үшін Ираннан кетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат Inopressa.ru сайтына сілтеме жасап.

Хасан Хомейни реформистердің атынан түскен, жеңіске жетпеген кандидат Мир-Хосейн Мусавиді қолдайды деп түсіндіреді басылым. Оның қатыспауы билік үшін соққы болмақшы және ирандықтар үшін қасиетті Хомейнилер отбасын пайдаланудағы олардың жоспарларына нұсқан келтірмекші. Ирандықтардың көбісі әлі күнге де дейін Ахмадинежадты президенттік сайлауда адал жеңіске жетті деп есептемейді.