Аяз Ата мен Ақшақар Жаңа жыл кештерінде...(ФОТОРЕПОРТАЖ)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның түкпір-түкпірінде балаларға арналған шыршатойлар өткізу дәстүрі биыл да ерекше жағдайда жалғасты. Мерекелік шаралар балалар үшін ұмытылмас сәтке айналып, әр бүлдіршін тәттілер мен сыйлықтарға ие болды.
None
None

Балалар есінде ұзақ уақыт сақталатын осындай жаңа жылдық мерекелік шаралар Астанадағы мекемелерде де жалғасқан болатын. Мәселен, елордада өткен Президент шыршасы «Жібек жолындағы жаңа жылдық ертегі» атты көңілді думанмен әсерлі өтті. Мерекені асыға күткен балақайларды алдымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнежолдау арқылы құттықтады.

«Біз сендердің спортпен шыныққан, сапалы білім алған, рухани толысқан азамат болғандарыңды қалаймыз. Бұл - әрбір ата-ананың ғана емес, сүйікті Отанымыздың, күллі қазақ елінің қалауы. Қазақстан бүгінде әлемге бейбіт әрі жасампаз ел ретінде танылды. Мемлекетіміздің әлем алдындағы беделін арттыруға өздерің де есейгенде үлес қосасыңдар деп сенемін. Өйткені, сендер - рухы биік, тәуелсіз елдің зерек те зерделі ұрпағысыңдар! Мен бәріңе мықты денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Жаңа жылдарың құтты болсын, айналайындар!» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңа жылдық концерттік бағдарлама кешінде ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылым қойып, түрлі конкурстармен балаларды қызыққа бөледі. Балалар Оқушылар сарайындағы планетарий мен интерактивті саябақты аралап, қыдырды. Әр бала Мемлекет басшысының атынан мерекелік сыйлық алды.

Елбасы шыршасының кешіне а лматылық озат оқушылар да тәнті болды. Онда қаланың жалпы білім беретін мектептерінде оқитын 200 оқу озаты қатысты. Балаларға арналған бағдарламаны ертегі кейіпкерлері ғана емес, қазақстандық әртістер де жандандырды. Оқушылардың барлығы ҚР Президентінен алды, онда: спорттық киімдер, кітаптар, планшеттер және оқуға қажетті құралдар бар.

Ал Қарағандыда Президенттік шырша тойына қатысушыларға да планшеттер мен сертификаттар табыс етілді. Асыға күткен мерекелік шараға өңірдегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың балалары, оқу үлгерімі жақсы жеткіншектер мен түрлі конкурстар мен байқаулар жеңімпаздары қатысты. 180-нен астам балалар Жасыл шыршаны айнала ән салып, Аяз Атамен, Ақшақармен бірге көңіл көтерді.

Ал Шымкенттегі Президенттік шыршатойда балаларға ноутбуктер мен кітаптар сыйға берілді. Жаңа жылдық шоу-бағдарламаға облыстың барлық өңірінен келген 200-ге тарта бүлдіршін қатысты. Өңірдің шығармашылық ұжымы тамаша театрландырылған қойылым ұсынып, онда ағымдағы жылы ел болып атқарылған мерейтойлық шаралар да көрініске арқау болды. Мәселен, театрландырылған қойылым барысында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Ата Заң мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді шаралар туралы балаларға ұғынықты қойылымдар қойылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Президенттік шыршаға 300 бала қатысты. Онда жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер, аз қамтылған және көп балалы отбасының балалары, сондай-ақ, талантты оқушылар мен оқуда, спортта, шығармашылық және қоғамдық өмірде ерекше көзге түскен балақайлар бас қосты.

Петропавлдағы Президент шыршасында Тәуелсіздік Ханшайымы Ақорда бейнеленген тәж киді. Облыстың барлық өңірлерінен келген 9 және 13 жастағы балалар қаладағы Спорт сарайында өткен мерекелік шараның куәгеріне айналды. Ертегілер еліндегі кейіпкерлерге ұқсап киінген олардың әрқайсысына Мемлекет басшысы атынан ноутбек пен тәттілер сыйланды

Жамбыл облысындағы 200 балақай да Президент шыршасының қызығына бөленді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Елбасы атынан балаларға оқуда табыс тілеп, Мемлекет басшысының сыйлығын, ноутбук пен ойыншықтарды, тәттілерді тапсырды.

Шырша тойының тарихына келсек, ең алғаш Жаңа жыл мерекесін атап өту Месопотамида болыпты. Тарихшы ғалымдардың пікірінше, алғашқы жаңа жыл біздің эрамызға дейінгі үшінші мыңжылдықта тойланған. Ал Юлий Цезарь енгізген жаңа күнтізбе (Юлиан күнтізбесі) бойынша жаңа жылдың алғашқы күні ретінде бірінші қаңтар белгіленген болатын.

Соңғы жаңалықтар