Аяз буған Астана: Аялдамаларда кезекші автобустар қызмет көрсетіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада үскірік аязға байланысты 25 желтоқсанда қоғамдық көліктердің аялдамаларында кезекші автобустар қызмет ететін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайсыздығына орай бүгін белгілі бір аялдамаларда кезекші автобустар қызмет ететін болады. Бұл - өзіне қажетті бағдарды күтетін жолаушылар тоңып қалмас үшін қолға алынған шара», - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.
Кезекші автобустармен жабдықталатын аялдамалардың тізімі төменде келтірілген.