Аяз салдарынан Астана мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Астана мектептерінде 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады қаланың білім беру басқармасы.

Аяз салдарынан Астана мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды

«Аяз салдарынан Астана қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген хабарламада.

Қалалық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, таңертең - 29 градус аяз болды.