Аяз салдарынан кешіккен пойыздарда тегін тамақ берілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аяз салдарынан кешіккен пойыз жолаушыларына тегін тамақ беріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын хабарланғанындай, аязға байланысты және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар пойызының жылдамдығына шектеу қою туралы шешім қабылданған болатын.
«Қолайсыз ауа райында жолдағы пойыздарда қажетті жағдайдың бәрі жасалып жатыр, вагондарда тиісті ауа температурасы сақталуда. Бұдан тыс, №704 «Петропавл-Алматы», №702 «Астана-Алматы», №90 «Астана-Қызылорда», т.б. пойыздардың мейрамхана вагондарында 600 жолаушыға арналған тегін тамақ беру ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.