Аяз салдарынан Солтүстік Қазақстанда ауыр жүк тасымалдайтын көліктер жүре алмай жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт төмендеуінен СҚО жол-патрульдік полицейлері патрульдеуді күшейтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Демалыс күндері облыс трассаларында 6 ауыр жүк тасымалдайтын көліктұрып қалды.
«Вольво» көлігінің тежегіш жүйелері істен шығып, 25 жастағы жүргізуші сапарын жалғастыра алмай, Аққайың ауданының Рублевка ауылы маңында, ал электр құрылғыларын тасымалдаған Қостанай облысының 56 жастағы тұрғыны Қызылжар ауданында тоқтап қалды. Оның жүк көлігінде жанармай таусылған, ал дизельдік отын мұз болып қатып қалған.
Дер кезінде көмекке келген полиция қайғылы оқиғаның алдын алды. Тәртіп сақшылары көліктерге жанармай құйып, оны қыздыруға көмектесті.
«Қатты аяз кезінде жол бойында қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін полиция жолшыбай өткен жүргізушілерден трассадағы жай-күйді сұрауда», - деп атап өтті ІІД жергілікті полиция қызметі батальонының командирінің орынбасары Жанат Сұлтанов.
Демалыс күндері СҚО аудандарындағы термометр көрсеткіші -36 градусқа дейін төмендеді. Бүгін Петропавлда сынап бағанасы -30-ды көрсетіп тұр. Дегенмен жақын күндері ауа температурасы көтеріледі деп болжануда.