Аязға байланысты бірнеше өңірде оқушылар ертең үйден оқиды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 11 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде бірінші ауысымдағы оқушылардың сабағы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Шымкент қаласында 1-8 сынып оқушылары үйден білім алады.

Атырау және Ақтөбе облыстарында 0-11 сыныптар қашықтан оқиды.

Абай облысының Семей қаласында 1-11 сынып оқушылары және колледждердің барлық курс студенттері онлайн білім алады.

Ұлытау облысында бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері мектепке бармайды.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК сәрсенбі күні бірнеше өңірде аяз болатыны туралы ескерту жариялаған болатын. Жекелеген өңірде ауа температурасы 41 градусқа дейін төмендейді.


Соңғы жаңалықтар