Аязға байланысты Екатеринбург-Алматы трассасында қозғалыс шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Қарғандыдан Жамбыл облысына дейінгі аралығында қозғалысқа уақытша тыйм салында. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аязға байланысты Екатеринбург-Алматы трассасында қозғалыс шектелді

«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты сағат 22:00-ден бастап жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік (дизельді автокөлік) үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді», - делінген компанияның Іnstagram-парақшасында жарияланған хабарламада.