Аязға байланысты Қазақстанның төрт аймағындағы жол учаскелері жабылды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 13 желтоқсан күні сағат 12:30-дан бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Аязға байланысты Қазақстанның төрт аймағындағы жол учаскелері жабылды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы облысында ауаның температурасының төмендеуіне байланысты 13 желтоқсан күні сағат 17:00-ден бастап Алакөл ауданындағы Рубеж бекетінен бастап Шығыс Қазақстан облысына қарай қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Бүгін сағат 17:00-дeн бастап ауа температурасының  күрт төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысы аумағында да сағат 15:00-дeн  "Қызылорда-Павлодар" жолының 1069-1135 шақырымындағы "Молодежный кенті-Павлодар облысы шекарасы"  аралығында қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктер  үшін жол жабылды.