Айбар Ержанов пауэрлифтингтен Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің 10 дүркін чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері Айбар Ержанов пауэрлифтингтен Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің 10 дүркін чемпионы атанды.
Ол 26-30 маусым аралығында Гонконг қаласында пауэрлифтингтен өткен чемпионатта экипировкалы және классикалық біріншілік түрлерінен бас-аяғы 10 алтын медаль жеңіп алды.

Азия, Тынық мұхит, Африка өңірінің чемпионатына 40 мемлекеттен бес жүзден астам спортшы қатысты.



