Айбат Мырзамұратов Азиада-2026 финалында жетінші орын алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жүзуші Айбат Мырзамұратов Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында 200 метрге кешенді жүзуден финалда жетінші орын алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.
Ерлер арасында 200 метрге кешенді жүзуден өткен шешуші бәсекеде қазақстандық спортшы 2 минут 00,37 секунд нәтиже көрсетті.
Осы көрсеткішпен Айбат Мырзамуратов финалдық жарыста жетінші орынға тұрақтады.
– Бірінші орынды жапониялық Томоюки Мацусита 1 минут 58,56 секунд нәтижемен иеленді. Оның отандасы Юмэки Кодзима 1 минут 59,91 секунд көрсеткішпен күміс жүлдеге ие болса, қытайлық Ван Шунь 2 минут 00,04 секунд нәтижемен үздік үштікті түйіндеді, – делінген мәліметте.
Айта кетейік, Қазақстан қазіргі бессайыстан қола жүлде алды.