Айбек Нұрсейіт WBK нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхайда (ҚХР) кәсіби ММА бойынша WBK нұсқасында жеңіл салмақта (70 келі) чемпиондық титул үшін болған қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен француз Майкл Дубойс арасындағы жекпе-жекте жерлесіміз басым түсті.

Айбек Нұрсейіт WBK нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін еншіледі

Бес раундқа созылған айқаста «Alem Fighters» клубының мүшесі Нұрсейіт өз қарсыласын екінші раунда сұлатып салды, деп хабарлайды sports.kz.