Айбек Оралбай Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады

ПАРИЖ. KAZINFORM – 92 килоға дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз бірінші жекпе-жегінде нигериялық боксшы Адам Олаорені жеңді. 

Айбек Оралбай
Фото: olympic.kz

Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді. 

Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 63,5 келі салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласынан басым түскен еді. 

Соңғы жаңалықтар