Айбынды жігіттер ат үстінде күш сынасып, ән мен күйден шашу шашты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қолбасшы батыр, би, шешен Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған «Айбынды жігіттер - 2017» аймақтық байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None


БҚО халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған сайысқа Ақтөбе, Қызылорда облысы және өңірдің Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі және Шыңғырлау аудандарынан 12 сері жігіт қатысып, бақ сынады. Олар ең алдымен садақпен жеребе тарту арқылы мергендіктерін танытып, реттік нөмірлерін анықтады. Содан кейін төрт кезеңнен тұратын байқау барысында әуелі өздерін таныстырса, одан әрі ұлттық аударыспақ ойынында ат үстінде күш сынасты. Түрлі сұрақтарға да жауаптар қайтара білді. Соңғы сын - көрермендерді таңғалдыру кезеңінде сайыскерлер өз өнерлерін паш етті.  Яғни байқаудың бұл кезеңінде ән салып, күй тартып, ұлттық ойын немесе сиқырға дейін көрсетуге болады.

Қазылар алқасының мүшесі, ұлттық спорт  түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дастан Мырзағалиевтің айтуынша, аймақтық байқау қорытындысында Зеленов ауданының намысын қорғаған Ақтілек Сәрсенов бас жүлдені (250 мың теңге) жеңіп алды. Ол осы ауданның Асан ауылында орын тепкен аталмыш спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс жасайды. 


Соңғы жаңалықтар