Айда болған фотокамера бәссаудада 660 мың еуроға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венада өткен аукционда Айда болып қайтқан фотоаппарат сатылды. Шведтік Hasselblad фирмасы осынау ғажайып камерадан 660 мың еуро тапты.

Айда болған фотокамера бәссаудада 660 мың еуроға сатылды

Бұл аппарат 1971 жылы америкалық «Аполлон» ғарыш кемесінде болған.Ол айды зерттеуге байланысты NASA бағдарламасында пайдаланылған 14 фотоаппараттың бірі және Жерге жалғыз оралғаны. Ал қалғандары ғарышта қалдырылған. Әлі күнге дейін сыртында айдың шаңы бар камераны жапон кәсіпкері сатып алды, деп хабарлайды rosbalt.