Айда болған NASA-ның ардагер ғарышкері қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айда болып келген, америкалық 87 жастағы ғарышкер Джон Янг қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Айда болған NASA-ның ардагер ғарышкері қайтыс болды

«Біз ғарышкер Джон Янгтың арамыздан кеткеніне қайғырамыз, оның жасы 87-де еді», - деп жазды АҚШ-тың Аэроноавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы (NASA) Туиттердегі парақшасында.

Айта кетерлігі, Янг екі мәрте Айға аттанып, оның бетіне қонған. Сондай-ақ Columbia шаттл кемесінің командирі болған. «Ол (Янг) Apollo, Gemini және Shuttle бағдарламалары бойынша алты мәрте ғарышқа ұшты», - делінген хабарламада.

Янг өмірбаянында «ол Жерден ғарышқа алты рет аттанған, егер Айдың бетінен көтерілуді қоссақ жеті рет ұшқан» деп көрсетілген. Ол 1962 жылы ғарышкер ретінде таңдалынып алынып, NASA-дағы қызметін 2004 жылы тоқтатты. Бұдан соң ол «бізге Айда және Марста тұруға, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологияларды дамытуын жалғастыра берді», деп жазады ғарыш мекемесі.