Айдана Арапбай жасөспірімдер арасында бокстан Әлем чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бокстан Түркияның Анталия қаласында қыздар арасында жасөспірімдер мен жастардың Әлем чемпионаты өтті.
None
None

Онда қазақстандықтар 1 алтын, 8 қола медаль иеленді. Ел қоржынына алтын медалдьды жасөспірімдер арасында 70 келі салмақта жұдырықтасқан Айдана Арапбай салды. Ол ақтық сында ресейлік Ольга Гавринаны 21:12 есебімен ұтып, Әлем чемпионы атанды. Бұған дейін жасөспірім қыздар арасында Әсел Тайыр (52 кг), Валентина Халзова (75 кг) мен Тоғжан Сыздықова (+ 80 кг), ал жастар арасында - Назым Қызайбай (48 кг), Назым Төлеуова (54 кг), Жанель Інкәрбекова (75 кг), Ольга Титоренко (81 кг) мен Оксана Ухарова (+81 кг) қола жүлденің иесі атанған еді.

Соңғы жаңалықтар