18:35, 27 Қазан 2015 | GMT +5
Айдана Меденова ана болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова ана атанды. Ол өзінің өміріндегі маңызды оқиғаны әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін жариялады.
«Құрметтi менiң тыңдармандарым! Мен сiздермен өмiрiмнiң ең қуанышты сәтiмен бөлiскiм келедi! Ол, әрине, әрбiр қыз баланың армандағанындай, өмiрге сәби әкелу, ана болу бақыты. Алланың қалауымен бiздiң отбасымызға, жанұямызға кiшкентай бүлдiршiн, тұла бойы тұңғышымыз Әмина атты қызымыз дүниеге келдi!» - деп жазды.
Әншінің сөзіне қарағанда кішкентай Әминаның туғанына қырық күн толған көрінеді. Ол өміріндегі маңызды оқиғаны көпшілікке қазақтың ырым-тыйымына сүйеніп, «қол-аяғын бауырына алғаннан кейін» айтуды жөн санапты.
Еске салай кетейік, үстіміздегі жылдың наурыз айында әнші, дизайнер, Айдана Меденова "Индиго FM" тобының директоры Әлішер Нұржановқа ұзатылған болатын.