Айдар Казов Азия чемпионатында Қазақстанға ауыр атлетикадан бірінші «алтынды» әкелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтемірші Айдар Казов Тайландтағы Азия чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан үшін бірінші «алтынды» олжалады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Казов қоссайыс нәтижесінде 350 (156+194) келі көтерді. Тура сондай салмақты КХДР-ның спортшысы Джон Менг Сонг та көтере алды. Алайда біздің ауыр атлетіміздің салмағы кәріс қарсыласынан жеңілдеу болып шықты, сондықтан Айдар Казов жарыс жеңімпазы атанды. 349 (158+191) келі салмақты еңсере алған тай спортшысы Чиннавон Чатупхум үшінші орынға тұрақтады.