Айдар Шəрібаев Майамиде кезекті жекпе-жегін өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шəрібаевтің кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Шәрібаев бесінші айқасында 23 жастағы мексикалық боксшы Габино Котамен жұдырықтасатын болады.

Кота осыған дейін 19 рет шаршы алаңға шығып, оның жетеуінде жеңілістің ащы дәмін татқан.

Бокс кеші 17 наурыз күні Флорида штатының (АҚШ) Майами қаласында өтеді.

Кездесу 6 раундқа жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар