Айдар Шәрібаев WBA Intercontinental титулы үшін айқасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев (7-0-0, 6КО) 6 сәуір күні Лос-Анджелесте мексикалық Энрике Тинокомен (16-5-4, 12КО) титулдық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Belasco Theater аренадағы 10 раундтық жекпе-жекте боксшылар жартылай жеңіл салмақта WBA Intercontinental белбеуі үшін жұдырықтасады. Айдар Шәрібаев аталмыш салмақ дәрежесінде алғаш рет айқаспақ, ол бұдан бұрын тек жеңіл салмақта өнер көрсеткен.
Лос-Анджелестегі бокс шоуын Оскар Де Лахойяның «Golden Boy Promotion» промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.
Еске салайық, 29 жастағы Айдар Шәрібаев «Diamond Ring» қазақстандық промоутерлік компаниясын ұсынады. Қазіргі таңда боксшы Бока-Ратон қаласында (АҚШ, Флорида штаты) Дерик Сантос-Росарио америкалық маманның жаттығу лагерінде дайындықтан өтіп жатыр.
Фото: sport.inform.kz (Женис Ыскабай)