Айдарбек Қожаназаров: Үкіметке екінші мүмкіндік береміз – 6 ай
Айтуынша, қазіргі Үкіметке мүмкіндік беріп, алдына қойылған міндетті қалай жүзеге асыратынын қарау керек.
«Біз екі айдың ішінде Үкіметтің алдына қойылған сын-тегеуіріндерге жауап бере аларлықтай кадрлық резерв жасақтайтын жағдайда емеспіз. Үкіметке екінші мүмкіндік береміз – 6 ай. Егер Үкімет сол баяғы тиімсіз әрі икемсіз болып қала бергенін көрсек, онда өзіміздің кадрлық резервтен адамдарды ілгерілететін боламыз», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар, партия көшбасшысы ведомстволардың тартыншақтығын да сынап өтті.
«Біздің министрліктер қандай да бір түзетулер енгізу үшін Президенттің Жолдауына сол түзетулерді енгізуге тырысады. Содан кейін ғана нақты іс-қимыл басталады», - деп атап өтті Айдарбек Қожаназаров.