Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі қызметінде қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Өмірбаяны
Совхоз бухгалтері (1984 ж)
Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры (1992-1995 жж)
Коммерциялық құрылымдарда қызмет (1995-2003 жж)
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары (2003-2005 жж)
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары (2005-2006 жж)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы (2006 ж)
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі (2006-2008 жж)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі (2008-2010жж)
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары (2010-2011 жж)
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2011-2019 жж)
ҚР Бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі (2019-2022жж)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (2022 ж. 1 желтоқсан)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі (2023 ж. 4 қыркүйек)
Білімі
Бухгалтерлік мектеп (1984 ж)
Омбы ауылшаруашылық институты (1992 ж)
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры (2006 ж)
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2008)
«Парасат» ордені