Айдарбек Сапаров: Өнімділігі жоғары егістік техникалары кешенін құрастырамыз
«Өңірде тракторлар және бір уақытта 4-5 егіс операциясын орындай алатын заманауи өнімділігі жоғары егістік кешендерін құрастыратын боламыз. Сонымен қатар, тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, өңдеу өнеркәсібінде 35 жобадан тұратын 2023-2026 жылдарға арналған пул қалыптастырдық. Биыл 60 млрд теңгеге 15-ін іске қосамыз. Оларды іске асыру 800-ге жуық жұмыс орнын ашуға және өңір үшін жаңа өнім шығаруды игеруге мүмкіндік береді. Облысымызда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру фермерлер үшін оның құнын төмендетуге мүмкіндік береді», яғни машина-трактор паркінің жаңару қарқынын жеделдетеді», - деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 17 сүт фермасы салынып жатыр.