Айдос Ербосынұлы аустралиялық Роккимен айқасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 жастағы қазақ боксшысы, екінші орта салмақта WBC Asia, WBO Global, WBA International белдіктерінің иесі Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін 14 тамыз күні өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Айдос Ербосынұлы аустралиялық Роккимен айқасады

Бокс кеші Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтеді.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, оның қарсыласы - 31 жастағы жергілікті боксшы Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Жекпе-жек он раундқа шақталған.

Еске сала кетейік, Айдос соңғы рет 24 наурыз күні Алматыда рингке көтерілген. Сол кезде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша намибиялық Лукас Ндафолуманы (15-1, 6 КО) жеңіп, WBA International титулын алған болатын.