Айдос Сарым Мәжіліс депутаттарын мажоритарлы жүйемен сайлауға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс және облыстық мәслихаттар депутаттары партиялық жүйемен сайлана бергені дұрыс. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдос Сарым Мәжіліс депутаттарын мажоритарлы жүйемен сайлауға қатысты пікір білдірді

«Қоғамымызда мынадай пікір, менің ойымша жаңсақ пікір бар. «Егер қазір депутаттарды мажоритарлы аймақтармен сайлайтын болсақ, Парламентте 90 пайыз оппозиция өкілдері отырады» деген жаңсақ пікір орын алып отыр. Бұл жалған пікір. Оны көрдік. Мен 2004 жылы «Ақ жол» партиясының сайлауын өткізген адаммын. Мүйізі қарағайдай деген кандидаттарымыз «ұшып» кетті. Ақша, капитал жүрген кезде, миллиардерлер түскен кезде халықты тікелей параға сатып алу мүмкіндіктері болады», - дейді Айдос Сарым.

Оның пікірінше, Мәжіліс және облыстық мәслихаттар депутаттары партиялық жүйемен сайлана берген дұрыс.

«Ал Сенат аймақтардан тікелей мажоритарлық жүйе арқылы сайланатын болса, онда өңірлердің үні де республика деңгейінде, заң шығарушы орган ішінде шыға бастайтын сияқты», - деді ол елордада ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында.